Жақында Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылдық округінде аудандық кеңестің төрағасы және аудан әкімі болған Максим Қожамұратовты еске алуға арналған шағын футболдан жарыс өтті.
Тартысты додада он алты команда өзара бақ сынасты. Байрақты бәсекеде бөденелік құрама үздік үштіктің сапынан көрініп, 50 мың теңгені еншіледі.
-Жарыс өз дәрежесінде өтті. Қай-қай команданы да осал деуге келмейді. Барлығы жақсы дайындықпен келген. Жартылай финалда ғана күшіміз Жаңақалаға жетпей қалды. Әрине, біз үшін турнирдің қола жүлдесі де жаман нәтиже емес деп ойлаймын, - дейді команда мүшесі Нұрлыбек Қабдырахманов.
Айта кетейік, спорттың қайсыбір түрінен болмасын ұйымшылдықпен қатысып, ауылдың атын шығарар жастар көпке үлгі. Дегенмен, оларға демеушілік жағынан қолдау жетіспей жүргені қиын-ақ.
Д.АЙБАР.