Жақында Атыраудағы "Мұнайшы" спорт кешенінде ММА аралас жауынгерлік жекпе-жектен жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында облыс чемпионаты аяқталды.
Осымен жетінші мәрте ұйымдастырылған сайысқа облыс бойынша 200-ге жуық сайыскер бақтарын сынады. Облыс чемпионатында жігіттер арасында жекпе-жекке шыққан Индердің өрені Сұлтанбек Қуанышұлы 77,1 келіде күміс жүлдені ұтып, Қазақстан чемпионатына жолдама алды.
-Шәкіртіміз финалдық сайыста ғана қарсыласына жол беріп қойғаны болмаса, жақсы жекпе-жектер өткізді. Ол бұған дейін облысты ұтып, Қазақстан чемпионатынан қола жүлдегер танылған тәжірибелі сайыскер. Әлде де алар асуы мол, - деді Индер жекпе-жек клубының басшысы Ринат Арыстанов.
Айта кетейік Индер жекпежек бөлімінде шеберлігін шыңдаған Сұлтан бек Қуанышұлы, бүгінде Атырау қаласында бапкері Эрман Майлашевтың қол астында жаттығады.
Саламат БАЗАРБАЕВ