Ұстаз жүлдесін сарапқа салды

Елтай ауылында ардагер-ұстаз, танымал ақын Ибрайым Жақияұлының 80 жасқа толуына орай ерлер арасындағы волейболдан аудандық ашық турнир өтті.

Әуелі ардақты ұстаздың есімі мен ерен еңбегін жарыстың салтанатты ашылу салтанатында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Шүйінішқалиева мен басқалары да ерекше тоқталып, ұлгі етті.

-Жарысқа Көктоғай, Өрлік, Есбол, Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі және алаң иелері – Елтай ауылы командасы қатысты. Жарыс ережесіне сай айналмалы жүйе бойынша барлық командалар бір-бірімен ойнап шықты. Нәтижесінде жүлделі I орынды Елтай ауылы, екіншіні – Көктоғай, ал үшінші орынды Өрлік ауылы командалары жеңіп алды.

Жарыстың үздік ойыншылары Елтай командасынан Айболат Төлеген, Көктоғайдан Бекзат Лайкиев, Өрліктен жас ойыншы Ернұр Қанатов, колледжден Раслан Ғазизов.

С.БИСЕНОВ.

Елтай ауылы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT