Спортшы қыздарымыз жеңіс тұғырында

Ақтау қаласында 2008-2010 және 2012-2013 жылы туған қыздар арасындағы еркін күрестен "AKTAU OPEN" республикалық турнирі өз мәресіне жетті. 

Додада аудан намысын қорғаған бұрымдыларымыз да жеңіс тұғырынан көріне білді.  Атап айтсақ,  30 кг салмақта Айдана Табылдиева күміс, 35 кг Гүлайхан  Сейфолла, 50 кг Аңсағаным Сапар мен Ақтоты Хамидуллина қола жүлдеге ие болды. 
Сондай-ақ, Индер ауданының түлегі, қазіргі таңда БҚО сапында өнер көрсетіп жүрген Ильнура Нұрғалиева  62 кг салмақта күміс медаль жеңіп алды. 

Спортшы қыздарымыз алдағы наурыз айының Талдықорған қаласында өтетін Қазақстан біріншілігінде облысымыздың намысын қорғайтын болады.

Спортшыларымызға сәттілік тілейміз!

Жадыра НАРИМАНҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT