Индерлік Роллан Русла - нов Ақтау қаласында өткен Қазақстан чемпионатында 53 кг салмақта қатысып, 23 жасқа дейінгі ересектер арасындағы жауынгерлік самбодан Қазақстан чемпионы атанды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының жауынгерлік самбодан спорт шебері атағына ие болды. Ол осыған дейін Қазақстан жастар арасындағы чемпионаттан екі рет қола жүлдегер атанған.
– Спортшылар үшін «Спорт шебері» атағы маңызды. Сол үшін бар күш-жігерімді салып дайындалдым. Финалдық жарыс қиын болды. Жалпы, спортпен 3 сыныптан бері айналысамын. Алғашқы бапкерім – Индердегі Нариман Нұрашев ағай. Қазір Атырау қаласында самбо құрамасымен бірге дайындаламын, - дейді Роллан Русланов.
Н.ЖАДЫР