Қоржында – 4 алтын, қос қола

31 мамыр мен 2 маусым аралығында Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Алғабас ауылында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және спорт ардагерлері А. Зұлқашев пен Ө. Молдабековты еске алуға арналған еркін күрестен жасөспірімдер мен кіші жасөспірімдер арасында облыстық турнир өз жалауын көтерді.

Екі күнге созылған турнирге 2008-2013 жылдар аралығындағы жасөспірімдер қатысып, боз кілем үстінде əдіс-айла мен жиған тəжірибені жұмсауға бақ сынасты. Жарыста Орал өңіріндегі аудандар мен ауылдар, көршілес қалалар мен аудандардан келген жасөспірімдер боз кілемде белдесті.

67630b90-9643-4072-a680-428055ce3f9b

Индер ауданы атынан сайысқа 12 бала қатысып, оның алтауы жүлделі орындармен көзге түсті.

Нақтырақ айтқанда, 2008-2009 жылдар аралығында 32 кг салмақта Өрбісінов Жанарыс (Бөдене) 3 орын алса, 36 кг салмақта Қуанышбек Мырзабек (Бөдене) 1 орынға ие болды.

2321fa25-20c0-4ae4-9d8b-51423ce71146

Ал 2010-2011 жылдар аралығында белдескен жасөспірімдер қатарынан 27 кг салмақта 1 орын алған Дуатов Қасымхан (Елтай), 30 кг салмақта 1 орын алған Амандықұлы Нұрберген (Есбол), 36 кг салмақта 1 орын алған Алмасұлы Бірлік (Бөдене) алтыннан алқа тақса, 33 кг салмақта 3 орын алған Байжан Әлішер (Бөдене) қоланы місе тұтты.

31df17af-8cbc-4739-82c2-0735684fac5e

Жарыс жүлдегерлеріне медальдар мен арнайы ақшалай сертификаттар табысталды.

c5a12265-82ba-4faf-9311-8fd04485c79e

- Жарыс та, жарысты ұйымдастыру жағы да жоғары деңгейде өтті. Спортшы өрендеріміздің жүлделі орынға ие болғаны көңіл қуантады. Осындай облыстық деңгейдегі жарыстардан үлкен тәжірибе алып, шеберліктерін нығайтады деген сенімдемін, - дейді Есбол ауылының еркін күрес бөлімінің жаттықтырушысы Қуанғалиев Жантөре Сағындықұлы.

223d7fda-9e71-49ac-88d6-6339fcdcdeb8

Ендеше көршілес өңірден жүлделеніп қайтқан жас спортшыларымызға шеберліктерін шыңдап, алда болар талай жарыстардан үздік атануына тілектеспіз!

Алтынбек Т.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521