Қазақстандық ардагер балуан әлем чемпионы атанды

Грек-рим күресінен Грузия астанасында өтіп жатқан ардагерлер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық балуан 58 жастағы Қасенхан Серғазиев чемпион атанды. Бұл жөнінде "Kazak news" әлеуметтік желісінде хабарлайды.

 Грек-рим күресінен сынға түскен ардагер балуан өз салмағында қарсылас шақ келтірмеген.

Шешуші финалдық сында түрік балуанын есеп басымдығымен ұтқан. Осылайша жаркенттік спортшы дүниежүзілік додада топ жарып, алтын жүлдеге ие болды.

Енді осы қайсарлық пен қайрат қазір ел намысын қорғап жүрген жас жігіттерге де үлгі болса дейді сала мамандары. Өйткені жуырда ғана елордада өткен әлем чемпионатында ұлттық құрама бір алтын да ала алмаған еді.

Суретте: Қазақстандық балуан Қасенхан Серғазиев финалдық бәсекеде әдіс жасаған сәт.

Photo: UWW

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521