Қазақ күресін дамыту мәселелері қаралуда

Нұр-Сұлтан қаласында 20-21 желтоқсан аралығында өтетін қазақ күресінен Vlll Әлем біріншілігі аясында Дүниежүзілік "Қазақ күресі" федерациясының Халықаралық конгресі өтуде.

Қазақ күресін әлемдік деңгейде дамытудың жай-жапсары, алқа мүшелерін сайлау талқыға түсетін жиынға дүниежүзіндегі 30-ға тарта елден қазақ күресі федерациясының президенттері, жанашырлары қатысуда.

- Бұл шешуші конгресс. Өйткені, мұнда күрделі мәселелер талқыланады. Оның ең бастысы әлемдік қазақ күресі федерациясының Президенті сайланады және келешекте қазақ күресін әлемдік деңгейде одан әрі дамытудың жоспары талқыланады. Жалпы менің ойымша, әлемнің әр еліндегі федерациялардың басын біріктіріп, жұмыстарын жандандыру керек, - дейді Қырғызстандағы қазақ күресі федерациясының Президенті Мирлан Ералиев.

"Дендер"-Ақпарат.

Нұр-Сұлтан қаласы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT