Жақында аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында бильярдтан қайырымдылық ашық турнирі өтті.
Оған әрбір ойыншы 3000 теңге жарнасын төлеп қатысу арқылы, шеберліктерін шыңдады. Айта кетейік, бильярд ойынның жүру барысы шахмат тәріздес, арнайы үстелде шарлармен ойналатын ойын. Негізінен бұл ойынның отаны Үндістан мен Қытай болып саналады. Сонымен тартысқа толы сайыс нәтижесінде Фараби Қазмұқашев өз мықтылығын көрсетіп, бірінші орынды еншіледі. Ал бильярдтан түрлі жарыстардың жеңімпазы, байқауда төрелік жасаған Алтынбек Таутенов екінші, ал Айдос Бағытжанов үшінші орынды еншіледі.
Оларды орталық директоры С.Көшеков пен терме үйірмесінің жетекшісі Е.Аубакиров марапаттады. Айталық, қайырымдылықтан түскен қаражат аудандағы «Әйіп қажы» мешітінің қасынан салынып жатқан асхананың құрылысына жұмсалатын болады.
Диас АЙБАР