Соңғы жылдары ежелгі батырлардың шайқасындай жекпе-жектің спорт түрі жақсы дамуда.
Индердің мықты жігіттері де бұл аламаннан бәйге алып жүр. Солардың бірі де бірегейі Абылай Дәуітов жақында Павлодар қаласында өткен Қазақстан чемпионатында қола жүлдемен оралды.
- Павлодарда елдің мықтылары жиналған дода оңай болған жоқ. Бірақ шаршы алаңда намысты қолдан бермеуге тырысып, жүлдеге қол жеткіздім. Осы додаға дайындығымды шыңдаған Индер жекпе-жек клубының басшысы, бапкерім Ринат Арыстановқа, сонымен қатар қаржылай қолдау көрсеткен Атырау Ұлттық жекпе-жек федерациясының президенті Әлібек Аймұратовқа шексіз ризамын. Бұйырса шеберлігімді шыңдап бұдан да биік нәтиже көрсетуге ұмтыламын, - дейді жүлдегер жерлесіміз Абылай Қисметоллаұлы.
Саламат БАЗАРБАЕВ.