Орал қаласында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған әйелдер арасында күрестен ашық аймақтық турнир өтті.
Турнирге Түркістан, Ақтөбе, Ақтау, Орал қалалары мен біздің ауданның палуан қыздары әр түрлі салмақ дәрежесінде өзара бақ сынасты.
Боз кілемде белдескен қыздарымыздың екеуі финалдық ойындарға жете алмағанымен, Ынтымақ ауылының тумасы, Ә.Кекілбайұлы атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы Жанель Нәбиден 65 кг салмақта қола жүлдегер атанды.
- Алғашқы жарыс болғандықтан, қыздарымыздың бойында қобалжу, қорқыныш дегендер болды. Сайыс өте жоғары деңгейде өтті. Қыздарымыздың жетістіктері көңіл қуантады, - дейді жатықтырушылары Мақсот Елеуов бізбен әңгімесінде.
Боз кілемде белдескен қыздарымыздың бұдан да биік белестерді бағындыруларына біз де тілекшіміз.
А.ТҰРҒАЛИ