Атырау қаласында облыстық білім беру басқармасы мен аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының қолдауымен 26 наурызда 7-8 сынып ұлдар арасындағы волейболдан облыстық "Ұлттық мектеп лигасы" болып өтті.
Әр ауданның намысын қорғап келген сайысқа 6 командадан құралған ұлдар тобы қатысты.
Индер ауданының намысын қорғаған Елтай ауылының М.Сиранов атындағы орта мектебінің 7-8-сынып ұлдар командасы өз тобындағы Құлсары қаласының және Атырау қаласының командаларын 2:0 есебімен жеңіп, өз тобынан бірінші орынмен шықты.
Ойын ережесімен финалға бірден шыққан оқушыларымыз өз тобынан алдыңғы орынмен суырылып шыққан Махамбет ауданының оқушыларымен кездесті. Финалдық ойын өте тартысты болды.
Нәтижесінде 25:17 және 25:21 есебімен екі партиялық ойында М.Сиранов мектебінің 7-8 сынып ұлдар командасы жүлделі 1 орынға ие болып, чемпион атанды.
Жас спортшылар мен жаттықтырушы ұстазы Болат Тастановты биік жетістіктерден көрінуге, талай жеңістердің куәсі болуға біз де тілекшіміз.
АЛТЫНБЕК Т.