Индерлік жас боксшылар жеңістерімен қуанта бастауда. Әсіресе, жерлесіміз Темірлан Құттыбаев жақында Ганюшкино ауылында жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының Батыс аймақтық чемпионатында жеңімпаз танылды.
- 52 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен шәкіртім Темірлан Құттыбаев барлық қарсыластарын күмәнсіз жеңіп, 1 орнымен қуантып отыр. Осы жарыстың нәтижесімен спорт шеберлігіне үміткер атағын иеленумен қатар алдағы мамыр айында Қызылорда қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына жолдама алып отыр. Енді осы республикалық додаға дайындығымызды күшейте беретін боламыз, - дейді аудандық балалар спорт мектебінің бокс бөлімінің бапкері Мейрамбек Тұрғалиев.
Саламат. Б.