Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп- интернаты Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан.
Еліміздің басты командасының сапына резерв даярлайтын бұл мамандандырылған мектеп-колледжде әлемге танылған атақты спортшыларымыз шыңдалып шыққан. Олардың қатарында Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері: Шәмил Серіков, Валерий Люкин, Ермахан Ибраимов, Ольга Шишигина, Дәулет Тұрлыханов, Ислам Байрамуков, тағы басқалар бар.
-Шәкіртім, Жарсуат ауылының тумасы Бекнұр Қойшыбайды (суретте: оң жақтан бірінші) ауылдағы орта мектептің 2-сыныбын оқып жүргенінен бастап баптадым. Қатарынан үздік шығып, екі дүркін облыс чемпионы және бірнеше республикалық, халықаралық турнирлардың жеңімпазы атанды. Мамандандырылған колледждің қабылдау емтихандарынан сүрінбей өтіп, болашақта биік тұғырға көтерілер талантты палуан екенін дәлелдеді. Шәкіртімді мәртебелі оқу орнына қабылдануына қолдау көрсеткен аудандық балалар спорт мектебі директоры Мәлік Биғамбаев пен аға бапкер Салауат Қыраубаевқа алғыс білдіремін, - дейді бапкері Дархан Ізмұханов.
Ауылда атасы Қойшыбай мен әжесі Рахаттың қолында өскен немересі осылайша палуандықтың даңғыл жолына қадам басты.
САЛАМАТ Б