ЛЕГИОНЕРЛЕР БАҚ СЫНАДЫ

Ауданда «INDER OPEN CUP2024» турнирі өз мәресіне жетті. «Amanat» партиясының қолдауымен өткен кіші аяқ добы Индербор кентінің «Шығыс» мөлтек ауданындағы спорт алаңында өтті.

Оған Индербор кенті мен ауыл-аймақтардан – барлығы 11 команда қатысты. Финалдық бәсекеде «КМК» командасы қарсыласы «Олимпик» командасын ұтып, жеңімпаз атанды. Ал үшінші орын үшін болған ойында Есбол ауылы командасын қапы қалдырған Бөдене ауылы жастары турнирдің қола жүлдегері атанды. Жекелеген ойыншылар арасынан үздік ойыншы «КМК» командасынан Бекзат Мусағалиев, үздік қорғаушы «Олимпик» командасынан Данияр Бақтығалиев, үздік қақпашы бөденелік Жалғасбек Ситжанов танылып, арнайы байрақтарға ие болды.

– Бұған дейін біз осындай кіші аяқ добы сайысын аудан жастары арасында ғана өткізіп келгенбіз. Бүгінгі сайыстың ерекшелігі, ә р б і р к о м а н д а ғ а А т ы р а у қаласындағы жоғары лигаларда ойнап жүрген тәжірибелі, шебер ойыншыларды тарттық. Сайысқа қатысқан барлық команданың құрамында легионерлер ойнады. Бұл аудан футболының бір орында қалып қоймай, дамысын, үздік легионерлер үлгі көрсетіп, өздерінің шеберліктерін паш етсін, тәжірибелерімен бөліссін деген мақсатта ұйымдастырылып отыр. Ал ашық турнирдің жалпы жүлде қоры – 500 мың теңге. Демеушілер арқылы жи - налды, – дейді Индер футзал федерациясының жетекшісі, “Amanat” партиясының Индер аудандық филиалының атқарушы хатшысы Дәурен Сағынғалиев.

С.БАЗАРБАЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521