Колледж құрамасы облыстан 3 орынмен оралды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай колледж және жоғары оқу орындары оқытушыларының облыстық спартакиадасында Индер көпбейінді ауылшаруашылық колледжі 3 орынға ие болды.

Спартакиадаға қатысушылар футзал, баскетбол, волейбол, шахмат, тоғызқұмалақ, теннис спортынан сынға түскен болатын. 13 команданың ішінен жерлестеріміз тоғызқұмалақтан 1 орын, волейболдан 2 орын, шахматтан 4 орын, теннистен 6 орынға, ал жалпы командалық есепте үшінші орынға табан тіреген.

– Биылғы ойын өте тартысты өтті. Қала мен аудандардан келген әріптестеріміз жақсы дайындалып келген. Командада барлығы 13 оқытушы болып қатысып келдік. Аталған жарыстан 2019 жылы 1 орын алған болатынбыз. Ойында соңына дейін намысты бермей шеберліктерін көрсете білген әріптестеріме алғысымды білдіремін,-деді команда жетекшісі Бағдат Абенов.

2-koledzh

Жадыра НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521