Әкім жүлдесін иеленді

Балғын боксшылар көршілес Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданы әкімінің жүлдесі үшін болған жарыстан табысты оралды.

Индерлік боксшылар арасынан Дінмұхаммед Рашид күміс жүлдегер атанса, Бекзат Лұқпан мен Ерасыл Асылбек қола жүлдені жеңіп алды.

-Көршілес облыстың ашық турнирі шәкірттерімізге жақсы тәжірибе болды. Дінмұхаммед Рашид финалдағы қарсыласымен тең жағдайда жақсы өнер көрсетті. Әрі жарыстың «Жеңіске деген жігері» үшін байраған иеленді, - дейді аудандық балалар спорт мектебінің бокс бөлімінің бапкері Алмат Матжанов.

Сонымен қатар жерлесіміз, Халықаралық дәрежедегі төреші Алтыбай Намазұлы аталған жарыстың үздік төрешісі атаныпты.

Саламат Б

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT