Фархат "Индер барысы" атанды

Ауданымызда қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің аудандық кезеңі өткізілді.
Турнирге +90 келі салмақтағы 6 палуан қатынасты. Олар Серіков Фархат, Төлегенов Амандық, Қанатов Жәнібек, Орынғалиев Айболат, Аманбаев Нұрбақыт және Қуанышев Мәди.
Тартысқа толы жарыс нәтижесінде 3 орынды Қанатов Жәнібек, 2 орынды Төлегенов Амандық жеңіп алса, 1 орынға Серіков Фархат көтеріліп, турнирдің облыстық кезеңіне жолдама алды.
Жеңіс құтты болсын!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT