Дзюдошыларымыздың бағы жанды

Дзюдодан балалар арасында Атырау қаласының ашық біріншілігі мәресіне жетті.

Татами төріндегі белдесулерге облыс аудандарымен қатар көршілес Ақтөбе облысынан дзюдошылар күш сынасып, шиеленісті өтті. Барлығы 300-ден астам дзюдошы бақ сынаған додадан индерлік палуандар да жүлдемен оралды Жасы және салмақ дәрежелері бойынша Мәлік Асылхан, Дамир Асқаров, Сержан Маратов алтыннан алқа тақса, Қанат Заңғарбек, Әділ Әлихан, Ибраһим Рашев жүлделі орындарды жеңіп алды.

-Пандемияға байланысты биыл толықтай болмағанмен бірқатар жарыстарға шығуға мүмкіндік алдық. Осы жарыспен биылғы оқу жылын қорытындылаудамыз, - дейді бапкерлер Нариман Нұрашев пен Майдан Батанов.

Саламат Б.

Индер ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521