Бүкіләлемдік шахмат күні жарияланды

Шахмат күні белгіленді

Біріккен ұлттар ұйымының Бас ассамблеясы 20 шілдені - Бүкіләлемдік шахмат күні деп жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ жаңалықтары сайтына сілтеме жасап.

Бұл шешімге Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан секілді бірқатар елдердің бастамасы түрткі болды. Шахмат - ең ежелгі интеллектуалды және мәдени ойындардың бірі саналады. Онда спорт, ғылыми ой және мәдениет элементтері ұштасқан. Осыны ескерген БҰҰ Бас ассамблеясының мүшелері бүкіл әлем елдеріне Әлемдік шахмат күнін «тиісті деңгейде» атап өтуді ұсынды.

БҰҰ Бас ассамблеясы жаңа резолюциясының авторлары бүкіл әлем шахмат ойнайтынын ерекше атап өтті. Ол әділдікті, интеграция мен өзара сыйластықты көкке көтереді, халықтар мен мемлекеттер арасындағы төзімділік пен өзара түсіністік атмосферасының қалыптасуына ықпал етеді.

"Дендер"-Ақпарат

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика