Батырдың байрағы Атырауға бұйырды

Кеңес Одағының Батыры Боран Нысанбаевтың жүлдесі үшін өткен волейболдан ауданның ашық біріншілігіне Батыс өңірден тоғыз команда келіп, үш топқа бөлініп, денешынықтыру-спорт кешені мен Ш.Уәлиханов атындағы мектептің қос  залында шеберліктерін сарапқа салды.

 

Алғашқы ойыннан-ақ шеберлік дәрежесі айқындалып қалған жарыста негізін елтайлықтар құраған Индер-1 командасы Қызылқоға мен Бөрлі ауданын ұтып, келесі айна-лымға шыққанымен де Атыраудың бойшаң мұнайшыларының командасына екі партия қатарынан ұтылып, жүлдеден үмітін үзді. Ал екінші көктоғайлықтар құраған команданың да бұл жарыста жолы болмады.

Сөйтіп, екінші айналымда Оралдан келген Байбарақ пен Ақ Жайық ауданының Алмалы волейболшылары кездесіп, жан беріп, жан алысты. Екіншілері осының алдындағы ойында мұнайшыларға есе жіберіп қойғандықтан ба бұл ойынға барын салды.

Соның нәтижесіндей, алғашқы торда есепті бірінші болып, 25-ке жеткізіп, оралдықтарды жан алқымға алған. Бірақ оларға сәттілік жолдас болмады. Оралдықтар теңестіріп, 25-27 есебімен ұтса, екінші партияда есеп 25-17 болып, Алмалының  ойыншылары үшінші орынды қанағат тұтты.

Дегенмен шағын ауылдың мүмкіндігі мол, қолы да ұзын  қос қаладан кейінгі орынға ие болуы жетістік деген жөн. Ал шешуші Орал мен Атырау арасындағы ойын үш партияға созылуының өзі көп нәрседен хабар беретін сияқты. Алғашқы ойында қонақтар шеберлік танытып, 25-18 есебімен ұтқан.

Ал екінші ойын көршілердің де, көрермендердің де жүйкесін әбден жұқартып, айқау-шумен өрбіді. Осы жолы кешенде жанкүйерлер аз болмады. Әрбір ойынға допты кәнігі шеберлердей аспандата қатты ұрып қосатын әрі тордан да екпінмен соға білетін оралдықтар мұнайшыларды қатты терлетті. Олар да блок қоя алмай, ұзын қол мен сирақтары ауа қармап қалып жатты.

Дегенмен ойыншыларын қайта-қайта ауыстыру арқылы, әдістерін өзгертіп, оралдықтарға дес бермей, екінші партияда баяу болса да ұпай  көршілерден қашып, атыраулықтарға ойысты. Сөйтіп, олар 25-22 есебімен ұтты. Ал соңғы партияда оралдықтар шаршады ма, әлде басқа жай әсер етті ме, 15-7 есебімен жеңісті қолдан берді.

Жарыстың жабылу салтанатында үшінші орын (50 мың теңге) алған Алмалы командасы аудандық әскери комиссар, подполковник Ж.Мұртазаев, екінші (75000 теңге) Орал-Байбараққа аудан прокуроры А.Жұмабеков, бірінші орын (100 000 теңге)  мен кубоктарды Атырау-АМӨЗ командасына аудан әкімі С.Арыстан  табыс етіп, ойындарына ризашылық білдірді.

 Сондай-ақ жарысты қорытындылаған аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Н.Бисенбаевтың анықтауы бойынша Теміржан Хайрушов, Данияр Шеркешбаев, Жігер Сатқанов үздік ойыншы танылып, арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Ал индерліктер болса, Батыр жүлдесінің көршілерге емес, Атырауға бұйырғанын місе тұтып, қонақтардың  шеберліктеріне риза бола  тарасты.

С.ХАЛЫҚОВ.

 

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика