Облыстық «Isker» мектеп лигасы ауданымызда 2016 жылдан бастап жұмыс жасап келе жатса, оның үшінші жылдық жаңа маусымы жақында басталды.
Лигада балғын баскетболшылар жас ерекшеліктеріне орай 7-8 және 9-10 сыныптар арасында сынға түседі. Бүгінде мектеп лигасында «Көктем», С.Сейфуллин, М.Әуезов, Ш.Уәлиханов, Қ.Абақанов, Жамбыл, Қ.Есқалиев, М.Сиранов, Махамбет, Бөдене мектептерден барлығы 10 команда ойнауда. Осыған дейін екі жыл қатарынан Бейбіт Оспанов баптайтын М.Әуезов атындағы орта мектептің командасы бас жүлдені иемденсе, Сабит Меңдігереев баптауындағы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп командасы 2 орынды бермей келеді. Үшінші орынды былтыр Қ.Абақанов (бапкері Ш.Жұмажанов), өткен маусымда Жамбыл мектебі (А.Омар) жеңіп алды.
С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.