Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған спорт жарыстары карантиндік шаралардан кейін бастауын алуда.
Жақында шағын футболдан жерлестеріміз көршілес Ақжайық ауданы, Чапаев ауылында өткен жарыстан бірінші орынмен оралды.
2006-2008 жылғы балғын футзалшылар жарысында аудан командасының негізін С.Сейфуллин атындағы орта мектептің оқушылары құраған екен. Жерлестерімізден Парасат Бердешов пен Коммунар Азат «Үздік ойыншы» атанды.
- Карантиндік шараларда жарысқа шыға алмағанымызбен, күнделікті жаттығудан қол үзген жоқ едік. Шәкірттеріміз жарысты сағынып қалған екен. Топтық ойыннан тосылмай өтіп, жартылай финалда алаң иелерін 5:0, финалда Ақжайық ауданы командасын 6:0 есебімен еркін ұтып, жеңіспен оралдық, - дейді аудандық балалар спорт мектебінің футбол бөлімінің бапкері Ерлан Өмірбеков.
С. Сансызбайұлы