Байрақты бәсеке

Өткен аптада Атырау облыстық спорт басқармасының қолдауымен, «Жекпе-жек» ұлттық спорт федерациясының ұйымдастыруымен жекпе-жек ұлттық спорт түрінен Қазақстан Республикасының чемпионатына іріктеу сайысы өтті.

Байрақты бәсекеге Атырау қаласы, Мақат, Жылыой, Индер аудандарынан 18 жастан асқан 53–90 келі аралығындағы 80-нен астам жекпе-жек шеберлері қатысып, бақ сынасты.

Спорттық шараны аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұржан Бисенбаев пен Атырау облысының «Жекпе-жек» ұлттық спорт федерациясы қоғамдық бірлестігінің Президенті Әлібек Аймұратов ашып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Іріктеу сайысына халықаралық дәрежедегі төреші Аманжол Асылбек қазылық еткен. Сайыс нәтижесінде Е.Байдошов, Н.Жолдасов, Е.Төреханов, А.Иманғазиев, А.Дәуітов, Ж.Болатұлы, А.Ищин, Г.Кварианилер жеңіс тұғырынан көрінді.

Жеңімпаздар енді 13–16 қыркүйек күндері Павлодар қаласында өтетін ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысатын болады. Облыс намысын қорғайтын спортшыларымызға алдағы бәсекеде де сәттіліктер тілейміз.

 

Ж.НАРИМАНҚЫЗЫ.

Индер ауданы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT