Ауыл палуандары Ақтөбеден олжалы

Ауылдың жас палуандары Ақтөбе қаласында өткен еркін күрестен КСРО спорт шебері Ж.Тажниязовты еске алуға арналған республикалық турнирден олжалы оралды.

Жарсуат күрес бөлімінің түлегі Дархан Молдабаев 71 келі салмақта 1 орынды жеңіп алды.

-Шәкіртім бүгінде Ақтөбе спорт интернатында шеберлігін шыңдауда. Аяқ алысы жақсы, болашағыан үмітім зор, - дейді аудандық балалар спорт мектебінің Жарсуат ауылы бөлімінің бапкері Дархан Ізмұханов.

Бапкердің бүгінгі шәкірттері арасынан Қойшыбай Бекнұр 32 келіде күміс жүлде алса, Ерасыл Ерғанашев 71 келіден жоғары салмақта қола жүлдені жеңіп алды. Сондай-ақ, 51 келіде бөденелік палуан Мұхамедияр Өрбісінов те қола жүлдені иемденді.

Саламат Б.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT