Аудан әкімі Паралимпиадашыға құрмет көрсетті

Токио Паралимпиадасынан Қазақстан командасы үлкен жеңіспен оралды. Әсіресе, атыраулық парадзюдошылардың бұрын-соңды болмаған биік көрсеткішке қол жеткізуі баршамызды қуантып тастады.

Паралимпиада бәсекесінде Индер ауданынан да тұңғыш рет парадзюдошы Ерлан Өтепов өнер көрсетті. Осы орайда Индер ауданы әкімі Салауат Өтеғұлов Паралимпиадаға қатысушы Ерлан Өтепов пен бапкерлерін қабылдап, құрмет көрсетті. Алғыс хат пен бағалы сыйлық табыс етті.

-Бүкіл әлем назарын тіккен Токио аламанында жерлесіміздің де өнер көрсетуі зор мәртебе. Алдағы уақытта жеңісті жолды мұнын да биікке жалғастырады деген сенімдемін. Бүгінде аудан орталығында спорт алаңдары, ауылдарда спорт кешендері бой түзеп, денешынықтыру мен спортқа мүмкіндігінше барлық жағдай жасалуда, - деді аудан әкімі Салауат Өтеғұлұлы.

Өз кезегінде Ерлан Өтепов пен бапкері Нариман Нұрашев жеңіске жету жолында бар күш-жігерлерін салуға ұмтылатындарын айта келе, бүгінгі қабылдап, құрмет көрсеткеніне ризашылығын білдірді.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521