Атыраулық дзюдошылар үздіктер қатарынан көрінді

Ақтөбе қаласында өтіп жатқан ҚР чемпионатында өңір спортшылары 1 алтын, 2 күміс медаль иеленді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, 63 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Эсмигүл Куюлова қарсыластарын тізе бүктіріп, алтын медаль қанжығалады. Ал 57 келі салмақ бойынша бақ сынасқан Дана Абдирова екінші орынға ие болды. 78 келіде боз кілемде белдескен Айымзада Думанқызына да күміс медаль бұйырды.

- Облыстық делегацияның құрамында 32 спортшы бар. Жыл сайын бұл чемпионатқа жоғары деңгейде дайындаламыз. Мақсатымыз – биік шыңдарды бағындырып, еліміздің туын әлемдік додаларда көтеру. Оларға физикалық жаттығулардан бөлек, рухани да демеу беру біздің міндет, - деді дзюдодан Атырау облысының аға жаттықтырушысы Миржан Есмағанбетов.

14-19 қараша аралығында өтіп жатқан жастар мен жасөспірімдер арасындағы додоға еліміздің 20 өңірінен 400-ден астам спортшы қатысуда. Жеңімпаз атанған спортшылар Қазақстанның дзюдодан ұлттық құрамасына қосылады.

Сәуле МАҒАУ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT