Ат шабыс, атан жарыс, балуан күресі

Аламан бәйге мен түйе палуандардың айқасқан қызықты сайыстарына бәйгетөбеде куә болдық. Жарыстың ашылу сәтінде аудан әкімі Серік Бисешұлы құттықтап, жеңіс тіледі.

Күзгі нөсер жаңбыр түнімен тынбай жауып елді елеңдеткенімен түс ауа күн ашылып, бәйгеде саңлақтардың алаңсыз шабуына мүмкіндік туды. Ең тартысты сайыс аламан бәйгеге барлығы 19 ат қосылды. Төрешінің белгісімен шабандоздар қиқуға басып шаба жөнелді. Жүйріктерге назар салған ат бапкерлері арасынан Ақтөбеден ат арытып келген Юра Дәукеновті сөзге тартқан болатынбыз. Индер ауданында туып-өскенімен 40 жыл бұрын басқа өңірге көшіп кетіпті. Туған жерінде ұйымдастырылып отырған аламан бәйгеге бақ сынауға ниет білдіріп келіпті.

–Бүгінгі додаға қосқан «Қыран» тұлпарым осының алдындағы екі бәйгеде де топ жарып, 2 автокөлікке иелік болды. Бүгінгі бәйге барысында барлап отырмын, менің тұлпарымнан озатын бәйге аты келген жоқ. Бұйырса бас жүлде менікі, - деді ол өзіне сенімді түрде.

Бірақ бәйгеде алғашқы айналымынан бастап «Қыран» емес, №14 «Домбыра» атты сәйгүлік өзгелерден озық шықты. Екінші айналыста да осындай көрініс жалғасты. Әдетте шын мықтылар күшін соңына көрсететіні белгілі. Сондықтан да болар жанкүйерлік танытқан бірнеше атбегіні сұрау салғанымда ешқайсысы бұл жүйріктің топ жаратынына сенімді болмады. «Соңғы айналымға қарай бәрі де өзгеруі мүмкін» деген пікірлер қосты. Алайда «Домбыра» алған бетінен қайтпады, оқ бойы озып зымыраған күйі мәре сызығынан бірінші өтті.

Жеңімпаз тұлпардың иесі көршілес Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданынан келіп отырған Талғат Бисенбаев екен. Көпшіліктің алдында жеңімпазға аудан әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев бас жүлдеге тігілген 1 млн. теңгенің сертификатын табыс етті.

-«Домбыра» атты сәйгүлігім 4 жасар байтал. Таза қанды Ағылшын тұқымы. Былтыр ат баптайтын бапкерлеріммен бірге Чешен елінен таңдап жүріп сатып алдық, бағасы да қомақты. Былтырдан бері айғыр жібермей арнайы базамызда баптап келеміз. «Домбырам» биыл өз ауданымыз Шыңғырлауда, көршілес Тасқала ауданында өткен аламан бәйгелерде топ жарды, Ақсайдағы аламанда мәре сызығын 2 -інші болып қиды. Индерге алғаш рет келіп отырмыз, сәтін салып «Домбырам» еңбекті ақтады,- деді атбегі Т.Бисенбаевты сөзге тартқанымызда.

«Талисман» тұлпарымен екінші орын алған атыраулық Алмас Орынбаев 500 мың теңге, «Жұлдыз» тұлпарымен үшінші орын алған ақтаулық Нұрғанат Қуанышұлы 300 мың теңгеге ие болды. Сонымен қатар 4 және 5 орын алған тайпақтық Төлеген Зинеден мен ақтөбелік Саят Нәбиев әрқайсысы 50 мың теңгеден байрақтың иесі атанды.

Материалдың толық нұсқасын "Дендер" газетінің 11.10.18 ж. №41 (8192) санынан оқи аласыздар.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика