Асық атқандар алыстан көздейді

Қазақтың ұлттық ойындарының бастауы тым тереңде, ғасырлар қойнауында жатыр. Ертеден кең дала төсін мекендеген қазақ халқының күнделікті өмір салтында ойын әрекеттерінің орны қашанда ерекше болған. Ең қызығы кішкентай балалардан бастап ересек адамдарға дейін қатысып ойнайтын сан-алуан ойын түрлері бар.

Бабаларымыздан қалған ұлттық мұраны насихаттау, өскелең ұрпаққа жеткізу мақсатында ұлттық ойындардың бірі асық ату мен бес асықтан мектеп оқушылары арасында аудандық біріншілік өткізілді.

Біріншілікке ауданға қарасты білім беру ұйымдарынан командалар қатысып, бақтарын сынады.

Тартысқа толы өткен бәсекеде бес асық ойынынан Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің командасы І орын, Бөдене орта мектебінің құрамасы ІІ орын, М.Мөңкеұлы атындағы орта мектептің құрамасы ІІІ орынды еншіледі.

Ал, асық ату ойынынан Ә.Кекілбайұлы атындағы орта мектеп құрамасы І орынды иеленсе, М.Сиранов атындағы орта мектептің құрамасы ІІ орынға, «Көктем» қазақ орта мектебінің құрамасы ІІІ орынға ие болды.

Жеңімпаздар ұйымдастырушылар атынан арнайы диплом, медальдармен марапатталды.

Ж.Нариманова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз