Атырауда облыс әкімі Серік Шәпкенов қала тұрғындарымен кездесіп, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы және іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалар туралы кеңінен баяндады.
Білім беру: “Келешек мектептері” ұлттық жобасы аясында 6 мектеп салу көзделген, оның 4-еуі пайдалануға берілді. Береке және Водник шағынаудандарында 1 200, Сарыөзекте 300 және Жұлдыз-2 шағынауданында 900 орындық заманауи мектептер ашылды. Жұлдыз-3 және Ақсай-2 шағынаудандарындағы 900 орындық мектептер қабылдап алу кезеңінде. Бұған қоса, 6 мектеп пен 4 жапсаржай құрылысы жүріп жатыр. Оқу жылының үшінші тоқсанында Ақ шағала шағынауданындағы 2000 орындық “BINOМ” инновациялық мектебін пайдалануға беру жоспарланған.
Денсаулық сақтау:
Алмалы және Береке елді мекендерінде бір ауысымда 25 науқасты қабылдауға шақталған дәрігерлік амбулаториялар салынды. Облыстық аурухана мен фтизиопульмонологиялық орталықта күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Өркен және Нұрсая шағынаудандарында екі заманауи емхана құрылысы жүріп жатыр, оларды 2026 жылдың I тоқсанында пайдалануға беру көзделген. Балауса, Балықшы, Орбита және Атырау шағынауданындарында орталық жедел жәрдем станциясы, сондай-ақ онкодиспансердің радиологиялық корпусы салынуда. Бұл нысандардың құрылысы 2026 жылдың III тоқсанында аяқталады деп жоспарланған.
Тұрғын үй: Береке шағынауданында үш 72 пәтерлі тұрғын үйге инженерлік инфрақұрылым тартылуда, сондай-ақ 240 пәтерлі үйдің құрылысы жүріп жатыр. Самал шағынауданында 6 тұрғын үйдің салынып бітежақ, оның 4-еуі дайын. Мұса Баймұханов көшесіндегі 30 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріліп, құжаттары рәсімделу үстінде.
Жер қатынастары: 2025 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы 4 га игерусіз жатқан жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Жеті жаңа елді мекеннің жоспары жасақталуда, онда 7 084 жер телімінің инфрақұрылым жобасы қамтылады. Самал шағынауданындағы 172 жер теліміне арналған инженерлік желілердің құрылысы жүріп жатыр, жұмыстар 2026 жылдың III тоқсанында аяқталады деп жоспарланған. 2024–2025 жылдары кезектегі 611 азаматқа “Қайнар” шағынауданынан жер телімдері берілді.
Сумен жабдықтау және кәріз жүйесі: жалпы ұзындығы 72,6 шақырымдық 33 учаскеде желілерді қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, оның 50 км-і жаңартылды. Кәріз желілерінің санациясы 33,4 км аумақты қамтиды. Қаланың оң жағалауындағы тәуліктік қуаты 31 мың текше метрлік су тазарту имаратын қайта жаңғырту жұмыстары 75%-ға орындалды. “Квадрат” булану алаңындағы жұмыстар жалғасуда және 2026 жылы аяқталады.
Электрмен жабдықтау және көшені жарықтандыру: Нұрсая ықшамауданында 66 км электр желісі жаңартылуда, Сарыөзек шағынауданында 22 км желінің құрылысы аяқталуға жақын. 2025 жылы 454 көше жарықтандырылып, 17 тарату пункті мен 6 трансформаторлық қосалқы станция жаңғыртылды, қосымша 3 жаңа қосалқы станция орнатылды.
Жол инфрақұрылымы: Еркінқала-2, Зарослый-1 және Алмалы шағынаудандарында жалпы ұзындығы 15 шақырым болатын 20 көшеге асфальт төселуде. Бейбарыс даңғылынан Атырау–Астрахань тасжолына дейінгі аралықта ұзындығы 2,8 км жаңа жолдың құрылысы басталды. Сегіз көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, жоспарланған 20,9 шақырымның 16,5 шақырымындағы жұмыс аяқталды. Жолдағы қауіпсіздікті күшейту мақсатында 90 көшенің жолы жөнделді.
Абаттандыру және көгалдандыру: 2 мыңнан астам ағаш пен сәндік өсімдіктер отырғызылды. “Халық қатысатын бюджет” жобасы шеңберінде 27 аула абаттандырылып, 7 спорт алаңы мен 2 балалар ойын кешені пайдалануға берілді. 2025 жылы 11 жаңа ойын алаңы орнатылды.
Облыс әкімі барлық жобаның іске асырылуы үнемі бақылауда екенін атап өтті. Кездесу тұрғындармен ашық диалог форматында жалғасын тапты.


