«Қазір келем…»
Бұл – күнде жазылатын, қарапайым ғана хабарлама.
Алайда кей жағдайда дәл осы сөздер соңғы хабарламаға айналуы мүмкін.
Жол қозғалысы кезінде жүргізушінің телефонға бір сәтке ғана алаңдауы, қайтымсыз салдарға әкелуі ықтимал.
Бір секундтық назарсыздық бір адамның ғана емес, тұтас бір отбасының тағдырына әсер етеді.
📵 Рөлде телефон қолдану – өмірге төнген қауіп.
Телефон хабарламаны күте алады,
ал сізді үйде күтіп отырған жақындарыңыз бар.
🚔Индер ауданы полиция бөлімі жол қозғалысына қатысушы барлық азаматтарды
жүргізу кезінде телефонға алаңдамауға,
жол қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
🚗 Жолда – жолға қараңыз.
📱 Телефонды – кейін қолданыңыз.


