Бүгін, 6 тамызда Нэшвиллде (АҚШ) өткен UFC турнирінде қазақстандық Асу Алмабаев америкалық Оде Осборнмен кездесті. Жекпе-жек екі раундқа созылды, Алмабаев тұншықтыру әдісімен жеңіп кетті. Бүгінгі жекпе-жек – Алмабаевтың UFC-дегі дебюті. Бұл жетістік Алмабаевқа ММА-дағы жеңісті сериясын ұзартуға мүмкіндік берді, ол қазірге дейін 14 рет жеңген. Қазақстандық спортшы кейінгі рет 2017 жылы ұтылған.
Асу Алмабаев UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Спорт
- Read Time: 1 min
- 431
