Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялауына орай «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 8-10-12 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар арасында облыстық турнир өткізген болатын.
Осы сында индерлік оқушылар тоғызқұмалақтан өткен облыстық турнирде шеберліктерін көрсете білді. Аталған жарыста 12 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар арасында І орынды Аружан Аязбай (15000 теңгелік байрақ), ІІ орынды Алихан Жұмағали (10000 теңгелік байрақ) (Аққала орта мектебінің оқушылары) жеңіп алды. Ал, Гүлсая Жұмахан, Адия Ғизат (Аққала орта мектебі), Жәнібек Бекнұр (Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп) және Шерхан Айдарұлы (С.Сейфуллин атындағы орта мектеп) алғыс хатпен марапатталды.
Нәтижесінде Аққала орта мектебінің оқушысы Аружан Аязбай республикалық турнирге жолдама алды. Осы орайда турнирге оқушыларды дайындаған Амангелді Мұратов, Бектас Ораз, Айнагүл Сатканкулова, Ерлан Өмірбеков пен Сәбит Меңдігереев есімді жетекшілер еңбегін де айта кеткеніміз жөн.
Айта кетейік, жарысқа 1 қала мен 7 ауданда өткен жарыс жеңімпаздары, атап айтқанда 41 бала қатысып, оларға облысқа белгілі қазылар алқасы төрешілік жасаған болатын.
Жадыра НАРИМАНОВА