Ардагерлер марафонға қатысты

Бұл заманның, әлде адамның түзелгені ме, әйтеуір, соңғы жылдары бақтар мен спорт алаңдары көптеп салынып, таза ауа астында серуендеушілер қатары аудан орталығында біршама артып келеді.

Әрине, әлемнің 83 елінде тіркелген 800-ден аса марафондардың арасынан, Берлин, Бостон, Чикаго, Лондон, Токио, немесе Алматы, НұрСұлтан қатарында болмасақ та, аудан қарттарының бастамасымен өткен аптада Индербордағы орталық бақта шақырымға жуық қашықтықта жүгіріп өттік. Жүгірісіміздің жылдамдығы да әнебір айтқандай жоғары болмағаны рас. Бірақ спорт мамандары Нұржан Бисенбаев пен аудандық мәслихаттың депутаты, аудандық жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Мәлік Биғамбаевтың қолдауы және аудандық ардагерлер алқасының (төрағасы Ө.Нұриев) ұйымдастыруымен өткен жарыста нақты уақыт өлшенді.

Сонымен қатар шағын марофонға қатысушылардың жастары да, құрамы да әрқилы болды. Сондай-ақ біздің білуімізше, марофонды жүгіріп те, жүріп те өтуге болады. Онымен қоса марафонның өзі 42 шақырым болмаса да, дайындықсыз, киімсіз келудің бірқатар қиындықтар әкелетіні анық байқалды. Дегенмен осы шара Талшын Қаратаева мен Айман Есқалиева сынды бұрымдылардың да атсалысуымен ерекшеленді. Сайып келгенде, жасыл желек жамылған бақта өткен шағын марафонда Индербор кенті ардагерлер алқасының төрағасы Серікқали Жұқиев пен кент тұрғыны Тұрсын Қаратаева алғашқы орындардан көрінсе, Айман Есқалиева, Файзолла Қабиев, Қалыбай Қаражанов, Бергенбай Нұрғали, тағы басқаларына да арнайы дайындалған медальдар табысталды. Бастысы үлкендер ертеңгі таза ауада еркін демалып, бойларын сергітіп қоймай, бір кезек шеберліктерін шыңдап, терлеп те алғандары оң болды.

С.БИСЕНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521