Арайлым республикадан жүлдемен оралды

Жақында Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен тоғызқұмалақтан 17, 19, 21 жасқа дейінгі қыздар арасында жекелей чемпионат өтті.

Ғасырлары бойы жалғасын тауып келе жатқан, зейін мен зердені ашып, ойшылдар күш сынасатын зияткерлік ойын саналатын ұлттық жарысқа Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Қостанай секілді 17 аймақтан мықты-мықты үміткерлер жиналды.
Соның ішінде Атыраудың намысын қорғап барған жерлесіміз, аққалалық Арайлым Құсайынова да бақ сынап, ойынның блиц түрінен жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Сондай-ақ, Арайлымның бапкері, жарыстардан шәкірттері жүлдесіз оралмайтын, тіпті бас бәйгені оңайлықпен қарсыластарына бермейтін аудандық балалар спорт мектебінің тоғызқұмалақ бөлімінің жетекшісі Амангелді Мұратовқа ұлттық ойынды дамытуда қосып жүрген үлесі үшін Федерация атынан Алғыс хат табысталды.

Ақмарал БОКИРОВА

Индер ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT