"Қарақұс" қара үзді

  Индер ауданында 1 мамыр мерекесіне арналған орталықтағы шара  Бәйге төбедегі ат жарысқа ұласты.

Яғни Атырау облыстық "Ұлттық спорт түрлері" федерациясы және облыстық атбегілер ұйымы бірлесіп ұйымдастырған аламан бәйге, тоқ бәйге, тай, құнан, жорға жарысынан "Дарабоз-2022" республикалық турнир өтті.

Қырдағы қызықты тамашалауға жұрт көп жиналып, алдымен федерация президенті Асланбек Жанбалаев пен  Атбегілер ұйымының жетекшісі Марат Өтепов аудан халқын мамыр мерекесімен құттықтап, шабандоздарға сәттілік тіледі. Одан соң Табылды Жұмашев қарт бата берген соң, төрешілер бәйге ережесіне сай өз жұмыстарына кірісті. 

zhurgizushi

 Бәйге алаңын алғаш көріп тұрған тулаған тайлар сап түзеп, үш шақырымдық жарысты бастады. Одан соң құнандар алты шақырымға шапса, тоқ бәйге де ұшқырлар сынға түсті. Жарыстың ең қызығы аламан бәйгені жұрт асыға күтіп, 24 шақырымда оншақты аттан санаулы сәйгүлік соңғы айналыста сынға түсті. Алайда бабы келіскен жылойлық жүйрік Қарақұс  мәре сызығын бірінші болып басып, 600 мың теңгеге ие болды. 

karakus

Марапаттау шарасында аудан басшысы С. Өтеғұлов федерация президенті А.Жанбалаевқа алғыс хат тапсырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521