Арқалықтан қола жүлде

Ауданның балғын палуандары алыстағы Арқалықтан ат арытып келді. Индерліктер арасынан Сансызбай Жалғас 50 келіде қола жүлдені жеңіп алды.

 - Қостанай облысында өткен бұл дода еркін күрестен КСРО спорт шебері Марат Омархановты еске алуға арналған республикалық турнир болатын. Сайысқа еліміздің басты қалаларымен қатар Қырғызстан, Татарстан, Дағыстан елдерінен палуандар келіп, жоғары деңгейдегі жарыс өрбіді. Жалғастың жүлдесімен қатар есболдық Нұрберген Амандықұлы мен индерлік Ораз Әбілмәнсұрдың да мүмкіндігі бар еді. Қола белдесу үшін қарсыластарынан қапы қалды, - дейді аудандық балалар спорт мектебінің аға бапкері Салауат Қыраубаев.

Саламат Б.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT