Ақтөбеден абырой арқалап қайтты

Ақтөбе қаласында «judo сlub Aqтоbе» ашық чемпионатында индерлік дзюдошылар да татами төріне шықты.

Жерлестер арасынан 2012 жылғы жаспалуандар арасынан Әлібек Нұрали, 2009-2011 жылғылар арасынан Мәлік Асылхан, Дамир Асқаров, Аманжол Елхан қола жүлденің иегерлері атанды. Ал Еркін Манас «Жеңіске жігері үшін» берілетін арнайы байраққа ие болды.

- Жарысқа Батыс өңірінен 300-ге жуық балғын дзюдошы күш сынасты. Жаңа шеберлік жинақтай бастаған шәкірттеріміз жаста болса табанды өнер көрсетіп, бірқатар жүлдені жиып алды. Осындай жарыстар шәкірттеріміздің шеберлігін шыңдауға үлкен серпін болары сөзсіз, - дейді аудандық балалар спорт мектебінің дзюдо бөлімінің аға бапкері Нариман Нұрашев.

Саламат Б.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT