Жемқорлықпен күрес - жарқын болашақ кепілі

Еліміз егемендігін алғаннан бері адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлықпен күресті қолға алып, мемлекеттік саясаттың басым бағыты етті. Олай етудің жөні бар. Өйткені, жемқорлық жайлаған елде даму, өсу, өркендеу болмайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресуде заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру керектігін, ол үшін ең алдымен, жемқорлықтың тамырына балта шабу керектігін айтқан болатын. Арнайы қабылданған заңдар мен стратегиялар түптеп келгенде осы мақсатты көздейді. Ал оған жергілікті биліктің қосатын үлесі зор.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығымен «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасына» сәйкес ауданымызда бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Айталық, Президент халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуді күшейтуге шақыра отырып, бүкіл қоғамды жемқорлықпен күресуге жұмылдыру қажеттігін, «Жемқорлық – індет, онымен күресу – міндет» қағидатын баршаның санасына сіңіру бүкіл мемлекеттік органның ортақ жұмысы болуға тиістігін айтқан-ды. Осы тұрғыда, яғни халық арасында профилактикалық жұмыстардыжетілдіру бойынша«Ашық әкімдік» және «Адал көмек» шаралары аясында тоқсан сайын қоғамдық қабылдаулар өткізіп келеді.

Аудан көлемінде биылғы жыл басталғалы бері 7 рет «Халық заңгері», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі» акциялары ұйымдастырылды. Аталған шараларға мекеме басшылары мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты.Бұл бағыттағы шаралар өз жалғасын табуда.

Ал, тұрмыстық жемқорлықты жою мақсатындаауданда мемлекеттік қызмет көрсетуді электронды нұсқаға көшіру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілуде.Күні бүгін аудан әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдармен 104 мемлекеттік қызмет түрі бойынша қызмет көрсетіліп, электронды қызметтердің үлесі 95 пайызды құрап отыр.

Сондай-ақ, аудан әкімдігіне қарасты мекемелер мен ведомстволық ұйымдарда жыл сайын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 12ішкі талдау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде мекемелерге мемлекеттік қызмет көрсету, құжатайналым жүйесі, құқықтық актілерді дайындау, арыз-шағымдармен жұмыс бағыттары бойынша ұсынымдар беріліп, орындалды.

Заң бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау мақсатында мемлекеттік қызметшілермен3 рет құқықтық оқытуларұйымдастырылып, 10 маман біліктілік арттыру курсынанөтті.Осындай жұмыстардың жемісі болар, 2022-2023 жылдары қызмет көрсетуші мекемелер тарапынан мерзімінен кешіктірілген немесе мерзімі бұзылған құжаттар болған жоқ.

 

 

Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу жүйелерін жетілдіру және бизнеске әкімшілік қысымды төмендету бойынша аудан әкімдігі тарапынан тиісті шаралар қабылдануда.

Атап айтсақ, Үкіметпен бекітілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне сәйкес ауданда мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы айқындалып, мемлекеттік органдардың функцияларын құру нәтижесінде ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілерге қатысты өзара заңсыз іс-қимылдарды болдырмау шаралары қолға алынды. Ал, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарту мен әкімшілік кедергілерді болдырмау бағытында 13 жеке қабылдау өткізіліп, 78 тұлғаның өтініші тыңдалды, 3  тұрғынның өтініші қанағаттандырылып, 75-іне түсінік берілді.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі комиссияның жұмысы күшейтілді.

Аталған комиссия аудан әкімдігінің қаулысына сәйкес құрылып, құрамына жергілікті атқарушы органдары, прокуратура, құқық қорғау органдарының басшылары, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері енгізілген. Жыл басынан бері 2 рет комиссия отырысы өткізіліп, тиісті хаттамалық тапсырмалары берілді.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыруда аудандағы мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру жұмыстары басты назарға алынып отыр.Қазіргі уақытта қызмет барысында ақпараттық жүйелермен жұмыстар жүргізілуіне байланысты адами фактор ықпалының азайғанын айтуға болады.

Жалпы, аталған кезеңде сыбайлас жемқорлық фактілері ауданның жергілікті атқарушы органдары тарапынан тіркелген жоқ. Алайда, өзіме тікелей бағынысты мекеме басшыларына заң бұзушылықтарға жол бермеунемесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау жөнінде күнделікті ескертіліп отыратынын атап өткім келеді.

Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады.Өйткені, жемқорлықпен күрес – баянды болашағымыздың кепілі. Ал оған сіз бен біз тізе қосып әрекет еткеніміз керек-ақ.

Дарын Шамұратов,

Индер ауданының әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521