Жемқорлықпен күресу мақсаты - ортақ, міндеті - бір

Сыбайлас жемқорлықпен бітіспес күрес жүріп жатыр. Соңғы уақытта Қазақстан да сыбайлас жемқорлыққа қарсы батыл қимылдарға барды. Еліміз ТМД -да алғашқылардың бірі болып жемқорлықты тыюға қатысты заң қабылдап, халықаралық конвенцияға бірікті.Сонымен қатар қылмыстың осы түрімен күресетін арнайы мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар қалыптасты.

Алайда, соған қарамастан коррупция қоғамның ілгерілеуіне кедергі жасаушы фактор сол күйінде қалып отыр. Жемқорлық жайлаған елдің болашағы бұлыңғыр. Тәуелсіз ел болған соң барлық мемлекеттік қызметкерлер жемқорлыққа қарсы күресті қолға алу керек. Бұл түптеп келгенде намыстың мәселесі. Әр адамның намысы. Қарапайым халықтың 80 пайызға жуығы әділет іздеп табалдырық тоздырғаннан гөрі, пара беріп шаруасын тындырғанды жөн көреді. Мемлекеттік сатып алу төңірегінде жемқорлық әлі жойылған жоқ. Бұл індеттің алдын алу және болдырмау үшін ел болып жұмыла қатысуымыз керек.

Бүгінгі таңда мемлекеттік кірістер қызметі органдарында бұл бағыттағы жұмыс жүйелі әрі кешенді сипаттала бастады. Жемқорлық мәселесі ҚР Қаржы министірлігінің мемлекеттік кірістер комитеті кеңестерінде үнемі қаралып отырылады. Кез-келген салық қызметі органында жемқорлықпен күрес жөніндегі комиссия жұмыс істейді.

Осылайша, мемлекеттік кірістер органы қызметкерлерінің салық төлеушілерге мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырудың іс-қимылын регламенттігі бойынша жұмыс атқару жолға қойылуда. Азаматтық қоғам институттарымен бірлесе жүргізілген сауалнамалар жүргізіліп, оң нәтижесін беруде. Салық есептемелері салық заңдылығына сәйкес жүйеге енгізілуде, енгізілген салық есептемелеріне тоқсан сайын ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитетінен арнайы бақылаудан өтіп, кеткен қателіктер бойынша шарасы алынуда.

Салықтық қызмет сапасын арттыру үшін мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерін атқарып отырған жұмыстары қатаң бақылауға алынған. Салық есептіліктері электронды түрде табыс етіліп, 2021 жылдың есептіліктері 100 пайызға жуығы электронды түрде қабылданды.

 

Исалиева С.

Индер ауданы бойынша мемлекеттік

кірістер басқармасының бөлім басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT