Жаңғыру жолындағы маңызды қадамдар.

Биылғы Президент жолдауында көтерілген мәселелер қоғамның барлық саласына ерекше серпін береді. Әсіресе әлеуметтік қолдау, экономикалық тұрақтылық және білім саласын дамытуға бағытталған бастамалар көңіл қуантады. Жолдауда айтылған цифрландыру, жасанды интеллектті енгізу, ауыл шаруашылығын жаңғырту – ел болашағы үшін өте маңызды қадамдар.

Сонымен қатар, мұғалімдер мен дәрігерлердің еңбегін бағалау, жалақыны кезең-кезеңмен арттыру – халық сенімін нығайтады. Инфрақұрылымды дамыту, өңірлер арасындағы теңсіздікті азайту мәселесі де өзекті.

Жалпы, жолдау еліміздің алдағы даму бағытын айқындап, жаңа міндеттер жүктейді. Әр азамат осы бастамаларға қолдау көрсетіп, іске асыруға үлес қосуы қажет деп санаймын.

Гүлбану Қайрлықызы

аудан тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT