Тың серпіліс күтеміз

Тойдың болғанынан боладысы қызық демекші қыстың алғашқы айларынан-ақ белгілі бола бастаған сайлауда өтіп, өз мәресіне жетті.

Жолдасым білім беру саласының зейнеткері Қамажай Ержановамен бірге бала-келін, немерелеріміз ертіп Индер көпбейіні ауыл шаруашылығы колледжінде орналасқан №114 сайлау учаскесіне барып өз таңдауымызды жасадық. Биылғы сайлаудың жаңалықтары көп болды. Айталық 12 орынды аудандық мәслихат депутаттығына 34 адам, Парламент мәжілісне 10 астам адам үміткер болып аламан көрігін қыздыра түсті. Сондай-ақ тіркелген жеті партияда бәсекеде бақ сынады.

Алдын-ала қорытындысы шығып нәтижесі жариялана бастады. Алты партия жеңіске жетіп жоғары заң шығрушы орган Парламент қабырғасына өтіп, депутаттық мандатқа ие болуда. Сөз жоқ бұл халық таңдауы. Халық қаласа хан түйесін сояды емес пе. Сенімге ие болған партиялар мен депутаттардан халық тың серпіліс пен жаңару күтеді.

Серікқали ЖҰҚИЕВ,

мемлекеттік қызмет саласының ардагері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521