Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын дүрбелеңге салынбауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Менің тапсырмам бойынша құқық қорғау органдары дәрі-дәрмектің бағасын заңсыз қымбаттатқан адамдарды ұстап жатыр. Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмысы жалғасуда. Ел азаматтарын дәрі тапшылығын туғызып, дүрбелеңге салынбауға шақырамын", - делінген Тоқаевтың твитінде.
Ал бір күн бұрын Мемлекет басшысы азаматтардың дәріханалардағы аса қажетті дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбаттауына байланысты шағымы орынды екенін мәлімдеп, пандемия кезінде бұған жол беруге болмайды. Үкімет пен құқық қорғау органдарына аталған мәселені реттеу тапсырған еді.