Тұрақты экономикалық өсімнің жылына кем дегенде 4 пайыз болуын қамтамасыз ету керек - Президент

сурет ашық дереккөзден алынды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Тұрақты экономикалық өсімнің жылына кем дегенде 4 пайыз болуын қамтамасыз ету керек. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен кеше Парламент сессиясының ашылуында нақты міндеттерге тоқталдым. Үкімет стратегиялық бағдарымызды жүзеге асыра отырып, мынадай мәселелерге баса мән беруге тиіс. Тұрақты экономикалық өсімнің жылына кем дегенде 4 пайыз болуын қамтамасыз ету керек. Сондықтан экономиканың даму үлгісін түбегейлі өзгертуіміз керек. Ол үшін әртараптандыру жұмысын жүйелі жүргізіп, нарық қағидаларын нығайту маңызды. Түпкі мақсатымыз – жоғары технологияға негізделген, өзін-өзі толық қамтамасыз ететін және бәсекеге қабілетті экономика құру», - деді Президент.

Мемлекет басшысы еліміздің басты өңірлік инвестициялық хаб ретіндегі ұстанымын күшейту қажеттігін баса айтты.

«Соңғы жылдары монополиясыздандыру және шынайы бәсекелестік орта құру аясында байыпты жұмыс жүргізілді. Дегенмен, қол жеткізген жетістікпен тұрып қалуға болмайды. Үкіметтен экономикалық еркіндікті одан ары кеңейту және мемлекеттік нарықтық процестерге ықпалы деңгейін төмендету үшін жүйелі іс-шаралар талап етіледі. Бұл әдістерді жүзеге асыру еліміздің институцоналды кемеленденуін, оның түрлі ішкі және сыртқы күйзелістерге тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді», - деді Президент.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521