СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҮЗДІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Атырауда 9 – желтоқсан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай шаралар басталды. Алғаш рет студентер мен магистранттар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытындағы «Үздік жобалар» байқауы ұйымдастырылып, осы аптада үздік жобалар анықталды.

Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті, Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған байқау «Атырау Адалдық алаңы» әлеуметтік жобасы аясында қыркүйек айында магистранттар мен студенттер арасында жарияланған болатын.

Байқау мақсаты - қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа тетіктерін жастардың көзқарастарымен айқындау арқылы, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениттілікті қалыптастыру. Байқауға Атырау өңіріндегі Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінен 7 жоба ұсынылды.

Қазан айының 30 да «Антикор» орталығында қатысуышы-студенттер қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды арттыру арқылы азаматтар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстарын қорғап, көпшілікке таныстырды. Жобаларға қойылған басты талап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының, сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерін жою әдістерінің жаңа жүйесін ұсыну болатын. ⠀

Конкурсқа ұсынылған жобаларды бағалайтын сарапшылардың және конкурстық комиссияның құрамында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыт, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалының директоры Жаннат Нұртілеуова, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Атырау облысы бойынша филиалының аға оқытушысы Еркебұлан Молдабеков, «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің маманы Ания Тулешова болды. ⠀

Жоба идеясының тиімділігі, мазмұнының ашылуы, жобаның дағдысы, идеялардың жаңашылдығы бағаланған конкурста Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Экономика және құқық факультетінің Құқықтану мамандығының 2 курс студенті Медетова Мөлдірдің жобасы үздік деп танылып, диплом және арнайы сыйлық табысталды. ⠀

marap

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT