«Жусан» операциясымен Сириядан оралған атыраулық келіншек жақында ұл тауып, сәбиге Қазақстан Президентінің есімін қойды. Бұл туралы «Дүрбі» газеті хабарлады.
Елге келгелі оңалту орталығында болып, мамандардың кеңесін алған Балжан Абдрахманова ұлына Қасым-Жомарт деп ат қойды. «Қақтығыс аймағынан туған жерге аман-есен оралуға мүмкіндік, қамқорлық жасаған Президентке құрметімді осылай көрсеткім келді»,- дейді ол. Балжанның перзентханадан шыққан қуанышын «Шапағат» оңалту орталығының мамандары бірге бөлісті.