Шомылу маусымы басталғалы 81 бала суға кеткен

Шомылу маусымы басталғаннан бері Қазақстанда 236 адам суға батып кеткен, оның 81-і - бала, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен аптаның өзінде 24 адам суға батқан, оның алтауы - бала. Мамандардың айтуынша, адамдардың суға батып кетуіне басты себеп - шомылуға болмайтын орындарға түсу, балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдыру және мас күйде шомылу. "Көбіне мұндай оқиғалар адамның өзіне қатты сенгеніне, күші мен мүмкіндігін артық бағалауына, суда жүзу ережесін орындамауына байланысты болып жатады", - дейді ведомствоның ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Құтқарушылар тұрғындарды суда жүзудегі қауіпсіздік ережелерін сақтап, алкоголь және есірткі қолданған кезде шомылмауға шақырады. Сондай-ақ мамандар суға қайық, катер, айлақтардан секірмеуге кеңес берді.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика