Сенімге селкеу түспесін

 

Биылғы сайлаудың өзіндік ерекшеліктері бар екенін баса айтқым келеді. Оны дауыс беру  барысында көрдік. Енді халық сеніміне ие болған депутаттар ел аманатына адалдық танытып, өз міндеттеріне сергек қараса дейміз. Өйткені аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер өздерінің бағдарламаларын насихаттау мақсатында үйлерде болып, сайлаушыларға тиісті дәрежеде үгіт жұмыстарын жүргізген болатын. Бізде өз тарапымыздан Индербор кентінің жағдайы туралы кеңінен айтып, шешілу жолдарын бірлесе талқылаған болатынбыз. Зайыбым екеуіміз аудандық жастар орталығында орналасқан №111 сайлау учаскесіне барып өз дауысымызды бердік.

Сайлау өте жоғары деңгейде өткізілді деп санаймын. Себебі бізбен бірге дауыс берген халықтың қарасы көп болды. Сайлау комиссиясының мүшелері де өздеріне беркітіліп берген міндеттерге үлкен жауапкершілікпен қарап ізеттілік танытып жатты. Бұл өткізілген саяси шараның маңызы зор деп білемін. Өткен жылы орын алған қасіретті қаңтар оқиғасынан кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев табандылық танытып саяси реформаларды жедел қолға алды. Референдум өткізіп мемлекеттік билікті халықтың өзіне қайтарып беру қадамын жасады. Президенттік сайлаудан кейін кезектен тыс Парламент және түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауын өткізуге қол жеткізді. Осы жерде тағы бір айта кетер ерекшелік мәслихат депуттаттарын халықтың өзі таңдауына жол ашып берді. Сөз жоқ бұл елдің жаңаша дамуына жол ашары сөзсіз.Еліміз өркендеп алға қарай дами берсін деген тілектемін.

 

Талғат ОРАЗҒАЛИЕВ,

Индербор кентінің тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521