Сайлау: Азаматхан Әміртаев өз таңдауын жасады

«Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Азаматхан Әміртаев конституциялық құқығын пайдалану үшін елорданың №92 мектеп-лицейінде орналасқан №52 учаскеге келді.

«Таңнан бері халықтың белсенділігі байқалады. Бұл жақсы тенденция. Бұл сайлау әділ өтетініне сенімдімін. Бұл жерде ең басты мәселе – халықтың сенімі. Халық кімге сенім артса, солар депутат болып, мемлекет игілігне жұмыс істейді деп ойлаймын», - деді Азаматхан Әміртаев.

Еске салайық, ҚР Конституциясына сәйкес, Парламент Мәжілісі аралас сайлау жүйесі бойынша Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын 98 депутаттан тұрады. Бірыңғай жалпыұлттық сайлау округі аумағы бойынша, яғни партиялық тізім бойынша Мәжілістің - 69 депутаты, бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша 29 депутат сайланады.

19 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші сайланған Парламент Мәжілісін тарату және 19 наурыз күні Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын белгілеу туралы Жарлыққа қол қойған еді. Бұл күні Мәжіліспен қатар мәслихат депутаттарын да кезектен тыс сайлау ұсынылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз