Референдум: Махамбетте армрестлингтен Азия және Әлем чемпионы Рахия Молдашева дауыс берді

Әйелдер арасында​ армрестлингтен бірнеше дүркін Азия және Әлем чемпионы Рахия Молдашева Махамбет ауданындағы №217​ сайлау учаскесінде дауыс берді.

«Еліміздің болашағы үшін өз таңдау жасадым. Бүгінгі күн - тарихта қалатын маңызды дата. Ел болашағы шешілетін осынау маңызды күнді әр қазақстандық асыға күтті. Қазақстандықтарды жауапкершілік танытып, дауыс беруге шақырамын, - дейді ардагер спортшы.

Еске сала кетелік, Махамбет ауданында ​ референдумға қатысуға құқығы бар 16780 азамат тіркелген. ​

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521